ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл Елорда мен Батыс бір уақыт белдеуінде болсын деген бастама көтерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Депутаттың айтуынша, ұсынылып отырған жаңашылдыққа бірнеше мекеме оң қорытынды берген, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі де бар. Бірыңғай уақыт белдеуін құру – экономикаға да оң әсер етпек.
– Көлік-логистика мәселесі, сондай-ақ жұмыс уақытын үйлестіруде түрлі қиындық туындап жатады. Мәселен Батыс Қазақстандағы банктер жұмысын бір сағат кейін тоқтатады-, деді мәжіліс депутаты.
Шенеунік бұл ұсынысты кейінге қалдырмау қажет екенін айтады. Өйткені оны орындау үшін ешқандай жаңа заңның қажеті жоқ.