Қазақстан азаматтарына экологияны қолдау мақсатында көліксіз бір күн өткізу ұсынылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұйымдастырушылар ел азаматтарын бүгін өтіп жатқан «Автокөліксіз күн» экологиялық акциясына қатысуға шақырады.
Шара «Birgemiz: Taza Alem» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып, жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын және улы газдардың бөлінуін азайтуға себеп болмақ.
Челленджге қатысу талаптары мынадай:
Челленджге қатысушылар күні бойы көлік пайдаланудан бас тартуы керек.
Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.
#Көліксізкүн хэштегтерін пайдаланып және ұйымдастырушыларды @birgemiz_taza_alem2022 белгілеп, әлеуметтік желілерде көліксіз өткен күніңіздің фотоларын немесе видеоларын орналастыруыңыз керек.
Осылайша, әрбір қатысушы экологиялық бастаманы қолдайтынын көрсетіп, басқаларды да қатысуға шабыттандырады.