Республикалық жолдағы жол апатының алдын алу үшін «Шетпе-Бейнеу» бағытына 7 камера қойылмақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ол үшін «Скат» құралы сатып алынған. Қазір орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті полиция басқарма бастығының орынбасары Тілекберген Селбаев бұдан бөлек автоматты түрде жылдамдық режимін өлшейтін «Кибер шериф» құрылғысы бар 21 қызметтік көлік тәулігіне кезекшіліке шығатынын айтты.
Оның 16-сы республикалық, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарда жүреді. Негізгі жұмысы – профилактикалық қызметтер жүргізіп, жылдамдықты тексеру.
Ал бүгінгі күнге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жіті назарда. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы өз пікірін білдірді.
Адайбек Қалиевтің айтуынша 1455 текше метр шұңқырларды жөндеу, 606 п.м-қоршауларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілген. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.
Сонымен қатар, облыстың автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты «Ақжол+К» ЖШС, «Ақжол құрылыс» ЖШС «АқтауСервисҚұрылыс» ЖШС, «Абат» ЖШС атты мекемелер бейнебақылау камераларын тұрақты түрде жаңалап және олардың қалыпты жағдайда тәуліктің барлық мезгілінде көрінуін қамтамасыз етіп отырады.
Ал, жыл басынан бері облыстық маңыздағы жолдарда 2254 метр шұңқырларды жөндеу, 59 дана жол белгілерін және 98 дана сигналды бағаналар орнату, 487 шақырым жол таңбаларын сызу, автопавильондарды сырлау жұмыстары жүргізілген.