Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы «төлеу» батырмасы бар «салық берешегін төлеу» деп келетін жалған хабарламалар артуда. Бұл туралы ескертулер әлеуметтік желілерде тарап, алаяқтардың артқаны туралы айтылуда. «Төлеу» батырмасын басқан кезде салық төлеушілердің банк шоттарынан қаражат ешқандай растаусыз алынуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстағы Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ақша қаражатын санкциясыз есептен шығаруды болдырмау мақсатында екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына салық берешегінің болуы туралы хабарламалар түскен кезде салықтың бар/жоқтығы туралы ақпаратты тексеруді ұсынады. Ол үшін мобильді қосымшаларды ппйдалана отырып, келесі қадамдарды орындаңыз:
- «Kaspi Bank» АҚ («Барлық төлемдер» → «Айыппұлдар мен салықтар» → «Салықтар» → «Салық берешегі» → «Тексеру»);
- «Халық Банк» («Барлық төлемдер» қызметінде → «Салықтар, өсімпұлдар, ХҚО қызметтері» → «Салықтар» → «Салық берешегін (көлік, жер және мүлік) төлеу» → «Тексеру»);
- «e-Salyq Azamat» («Электрондық қызметтер» бөлімі → «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер» → «ЖСН енгізу» → «Табу»).
«Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу – әркімнің борышы, әрі міндеті.
Дегенмен қырағы болып, алаяқтардың алдауына жол бермеңіз!» - дейді Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері.