Биылдан бастап «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасымен 100-ден астам қолжетімділік талаптарын бұзушылықты анықталды, 49 адам 12 млн теңге сомасына әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мониторинг нәтижесімен халықтың аз қозғалатын топтары үшін қалалық инфрақұрылым объектілері (сауда орталықтары, бірқатар дәріханалар мен медициналық мекемелер, сондай-ақ балабақшалар, мектептер және т.б.) қолжетімсіз болып шықты.
Барлық анықталған бұзушылықтар қысқа мерзімде жойылады, бұл процесс облыс прокуратурасы мен әлеуметтік қорғау Департаментінің бақылауында болады.
Жылдың аяғына дейін жоба аясында 750-ден астам қалалық және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сәйкестендіру жоспарланып жатыр.