Әлеуметтік желілерде Ақтау іргесіндегі «Ақшұқыр ауылында қолтырауын жүр» деген бейнежазба тараған болатын. Алайда ол бейнежазбаның алыс шетелдердің бірінде түсірілгені анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“WhatsApp желісінде “Ақшұқырда, келіп көруге болады” деп тарап жатқан мына дерек қаншалықты рас? Рас болса, қайдан барып көруге болады? Қоршау тасына мән беріп қарайтын болсақ, рас ақпарат сияқты”, - деді тұрғындардың бірі.
Сонымен қатар, тұрғындар қолтырауын етін де сатамыз деп достарының телефон нөмерлерін қалдырып, қалжыңдауға көшкені белгілі болды. Бұл ретте mangystaumedia.kz ақпаратты нақтылап, бейнежазбаның жалған екені анықталды. Сондықтан ақпарат таратуда нақты дерек көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз.