«Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры лауазымына Данияр Сағынғалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Данияр Сағынғалиұлы 1987 жылы 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол 2003-2007 жылдар аралығында Маңғыстау өнер колледжінде «домбыра» мамандығы бойынша білім алған. 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «домбыра» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алған.
2011 жылы «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің және «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің әртіс-аспапшысы қызметіне қабылданған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК директоры орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, алғыс хат, құрмет граматоларымен, «Ақтау қаласына 60 жыл» төсбелгісімен, тағы да басқа көптеген медальдармен марапатталған.
Филармония ұжымдарының өнерін еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен көптеген облыстарында, Әзербайжан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан, Италия, Грузия тағы да басқа шет мемлекеттерде таныстырған білікті маман.