Қазақ Ұлттық университетінің әуелден маман даярлаудағы орны ерекше екені белгілі. Алып тұлғаларды шығарған қара шаңырақ қазіргі уақытта стандартты мамандықтардан бөлек әлемдік тәжірибеге сүйеніп, жаңа бағытта жаңа мамандарды оқытуды қолға алды. Соның бірі ақпараттық технология саласындағы «Есептеуіш лингвистика» мамандығы.
Есептеуіш лингвистика — жазбаша және ауызша сөйлеуді талдау мен түсінуге арналған информатиканың қосымшасы. Пәнаралық сала ретінде есептеуіш лингвистиканы информатика және жасанды интеллектпен біріктіреді және есептеу тұрғысынан тілді түсінумен айналысады. Лингвистикалық құзыреттілігі бар компьютерлер адамның машиналармен және бағдарламалық жасақтамамен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге көмектеседі.
Есептеуіш лингвистика мамандары қоғамдағы:
Қолдану аясы тар тілдердің цифрлануы сияқты алдыңғы қатарлы түйткілдердің шешімін ақпараттық технология арқылы табуға көмектеседі. Сонымен қатар, есептеуіш лингвисттер ғылыми мекемелерде де, коммерциялық компанияларда да, соның ішінде Яндекс Mail.Ru, ABBYY, Avicomp және т. б. компанияларда да сұранысқа ие. Сала мамандарын даярлау осы уақытқа дейін көбіне дамыған мемлекеттерде ғана жүзеге асырылып келді. Орта Азияда 7 университет , ал елімізде 3 ЖОО (ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚӨУ) компьютерлік лингвистика бойынша оқытуға маманданған. Білім алушыларға ғылыми жұмыстармен айналысуға бағыт-бағдар беруші білікті жетекшілер мен эксперимент жасауға арналаған арнайы лабораториялық кабинеттер қарастырылған.
Қазіргі уақытта мен осы сала бойынша магистр дәрежесін алу үшін ҚазҰУ-да магистратурада оқып жүрмін. Бірінші жылдың өзінде бұл университет өзімнің зерттеу жұмысым бойынша бір қадам болсын алға қарай даму жолында өз септігін тигізді. Оқу орнында зерттеу жұмысы аясында әлемдік ғалымдардың тәжірибелерімен алмасу үшін шетелдік университеттерде ғылыми тағлымдамадан өтуге жағдай жасалған. ҚазҰУ-дағы жаңа бағыттың алдыңғы қатарлы түлегі болатыныма қуаныштымын. Көп адамға таңсық естілетін бұл мамандыққа қызығушы аудитория саны көбейсе екен деп ойлаймын. Есептеуіш лингвистика мамандығы- ҚазҰУ-дың ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының түрлі ғылымының дамуына зор үлес қоса отырып, елімізді әлемге танытатын бірден-бір мықты мамандық болмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Ақпараттық жүйелер факультеті
«Есептеуіш лингвистика» мамандығының
1-курс магистранты Рзағазиева А.К.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
Шет тілдер кафедрасының
оқытушысы Құралова А.Т.