2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Учет.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай өзгерістер 1 шілдеден бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған Еңбек кодексіне енгізіледі.
Еңбек кодексіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы көзделген (ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша айқындалады).