Ақтауда «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен ағаш отырғызуға «Green City» ЖШС мен тұрғындар белсене қатысты.
-22 сәуір — «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні». Экологиялық акцияның мақсаты – қаламыздағы жасыл желектер санын көбейту және сақтау. Осы себептен тұрғындармен бірлесіп, олардың өтінішіне сай 13ш/а 16үйдің айналасына көшеттер отырғызылды,-деді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев.
Айта кетейік, экологиялық акция аясында 30-ға жуық терек ағашы отырғызылды.
- Біздің өтінішімізді тыңдап, ауламызға терек отырғызып бергені үшін қалалық әкімдікке алғысымды білдіремін. Қалада жасыл желек санын арттыру үшін әркім өз ауласынан бастағаны жөн. Қала тұрғындарын осындай экологиялық акцияларға белсене қатысуға шақырамын,- деді қала тұрғыны Меруерт Есенова.