Кеше, 6 тамыз күні Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының «Бекет Ата» кемесі алғаш рет ашық теңізге жол тартты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Былтыр қазан айында Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы ашылған. Нәтижесінде «Sarzha Cargo Terminal» жүк терминалының операциялық қызметі басталды.
Құрық портындағы «Саржа» КТТ құрылысының жобасын бірнеше жыл қатарынан қазақстандық SEMURG INVEST атты девелопер-компаниясы жүргізіп келеді. Барлық жер үсті жұмыстары аяқталды, теміржол кірме жолдары, екі айлақ және жалпы жүк терминалы салынды. Жоба бірнеше терминалдың (астық, жалпы және сұйық жүк, әмбебап) және көлік-логистикалық кешеннің құрылысын қамтиды.
Айта кетсек, 2030 жылға қарай барлық «Саржа» ММТ терминалдарының құрылысын аяқтау Орта дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.