© Фото фейсбук парақшасынан алынды
Желі қолданушылары мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің фейсбук парақшасына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Министр былтыр ннаурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапарымен барып, Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездескен. Кездесуде аталған сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылағанын жеткізді.⠀
- Бүгін керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам. Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қолжетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, - деді министр Бағдат Мусин.
Сонымен қатар Бағдат Мусин қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтті.