WhatsApp-та жаңа қаулы туралы хабарлама таратылуда. Онда Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төлем төленетіні жазылған. «Есептеулерді тексеру» үшін пайдаланушыларға ҚР Қаржы министрлігінің жалған сайтына апаратын сілтеме арқылы өту ұсынылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ. Яғни, ақпарат - алаяқтардың ісі.
- Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылалы. Еске салайық, ақшаңыздан айырылып қалмау және киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіз, - деді ҚР Қаржы министрлігі.