Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пәннен тұрады (3 міндетті + 2 бейіндік). Шекті балл математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндері бойынша 5 ұпайдан 3-ке түсірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сәйкесінше, осы пәндерден сұрақ саны 20-дан 10-ға дейін азайды. Дегенмен максималды ұпай саны өзгеріссіз, 140 балл.
* Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
* Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
* Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
* І бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
* ІІ бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Сондай-ақ ҰБТ тапсыруға берілетін уақыт та қысқарды. Енді оқушыларға 240 минут(4сағат) емес, 210минут( 3 сағат 30 минут) беріледі. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт өзгеріссіз сақталды.
Айта кетейік, 2024 жылғы ҰБТ-дағы тест сұрақтарының саны өзгермек, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылады.