Енді Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады. Қызмет eGov Mobile-да 25 қыркүйекте іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. Процесс озық биометриялық сәйкестендіру технологияларын пайдалана отырып, деректер қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Қызметті алу үшін азаматтар eGov Mobile жүйесіне кіріп, сауалнаманы толтырып, биометриялық тексеруден өтуі тиіс. Одан кейін бейнеқоңырау арқылы келісімін алып, нотариус арқылы төлем жасауы қажет. Осыдан кейін құжат Сандық құжаттар қызметінде қолжетімді болады.