Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов еліміздің дүкендерінде сатылатын контрафактілік және қауіпті өнімдер туралы айтты. Оның сөзінше сауда және интеграция министрлігінің мамандары жалған өнім сапасының сертификаты бар ондаған сатушыны анықтаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжілісменнің айтуынша, жыл басынан бері мамандар денсаулыққа қауіпті үш мыңға жуық тауарды анықтаған. Олардың көпшілігінде жалған сапа сертификаты болған. Депутат оларды жауапсыз зертханалар беретінін айтады. Сонымен қатар, өнімдер жиі сынақтан өтпесе де, дүкен сөрелерінде тұра береді.
«Сауда және интеграция министрлігінің сайтында 2023 жылдың басынан бастап 22 аккредиттеу аттестаты алынып тасталғаны, 11 аккредиттеу аттестаты тоқтатылғаны, өнім қауіпсіздігі туралы берілген 300-ден астам құжат жарамсыз деп танылғаны туралы ақпарат бар. Бұл көп пе, әлде аз ба? Өзіңіз бағалаңыз. Сарапшылардың пікірінше, тек бір ғана сертификат 100 мыңнан астам тауарды сатуға мүмкіндік береді, ал оның сапасы күмән тудырады», - деді Сабильянов.
Оның айтуынша, аккредиттеу жөніндегі органның, зертханалар мен сарапшы-аудиторлардың қызметіне қойылатын талаптарды қатаңдату, сондай-ақ бақылауды күшейту қажет.