Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов өз күшіне сенімсіз министрлерге орнын босатуды ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Үкіметтің осы құрамымен Жаңа жылға кіруге бола ма деген сұраққа нақты жауап күтетінін еске салды.
"Мен премьер-министр ретінде Президенттің алға қойған міндеттерін шешу үшін бәрін жасайтынымды айтқым келеді. Үкіметтің әрбір мүшесінен тиімді жұмыс күтілуде. Нәтижені әрбір қазақстандық сезінуі үшін. Әріптестер, сұраныс өте қатал болады. Кім жеңе алса, сол жұмыс істейді. Кім өз қабілетіне сенімсіз – қазір отставкаға кету туралы өтініш бере алады. Бұл жерде тек халықты қолдайтын, батыл шешімдер қабылдайтын және олар үшін жауапты адамдар үшін орын бар. Тек осындай командамен ғана біз алға қойған мақсатқа қол жеткізе аламыз", - деді Смайылов Үкімет отырысы кезінде.