Шымкенттегі мектептердің бірінде 8 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 11 қаңтар күні №48 жалпы орта мектебінде 11.00-де дене шынықтыру сабағы кезінде болған.
«Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда, шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығын хабарлайды. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.