© Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, деп жазылған хабарламада.