Бүгін, 28 желтоқсан күні Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар мемлекеттік қызметкер лауазымынан босатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды