Қайтыс болған баланың екеуі де екпе алатын жасқа жетпеген, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аталған жағдайлар – Астана және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Бұл бір жасқа дейінгі, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, патология көп болған. Оған қоса қызылша қосылған», – дейді Айжан Есмағамбетова.
Ол сонымен қатар қызылшаның көбеюі Қазақстанға ғана емес екенін атап өтті. Негізгі себеп – Ковид-19 пандемиясы кезінде екпе алуды тоқтату болған.
"Сол кезде вакцинация алмаған балалар көп болды. Ал қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуы Ковид шектеулері 2022 жылы аяқталғаннан кейін басталды", - деді елдің бас санитарлық дәрігері.