© Parlam.kz
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шектеу Президент іс басқармасына қарасты медициналық орталығының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Медициналық орталықтың бас санитарлық дәрігері Айгүл Темірғалиеваның 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Мәжіліс ғимараты аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті маска режимі және басқа да алдын алу шаралары жүргізілді. Шектеулер 7 ақпаннан бастап енгізілді. Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа көшіріледі немесе бетперде кию режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілуде», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанына байланысты Президенттің қатысуымен өткен кеңеске қатыспаған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев та COVID-19 жұқтырған.