90 мыңнан астам қазақстандық алкогольдік ішімдіктерге байланысты есепте тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанда 2023 жылдың 11 айында алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары (ПБД) бойынша бақылаудағылар саны 90 416 адамды құрады, бұл 100 мың халыққа шаққанда 463,6. 100 адамға шаққандағы көрсеткіштің шамалы өсуі байқалады», - делінген орталық берген хабарламада.
Ең жоғары көрсеткішке ие аймақтар:
Солтүстік Қазақстан облысы – 5451 адам (100 мың халыққа 1011,1),
Абай ауданы – 5613 адам (100 мың халыққа 917,3),
Павлодар облысы – 6767 адам (100 мың халыққа 776,1).
Ішімдікті аз тұтынатын аймақтар:
Алматы – 3452 адам (100 мың халыққа 164,3),
Маңғыстау облысы – 1241 адам (100 мың халыққа 166,4),
Алматы облысы – 2549 адам (100 мың халыққа 172,4).