Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қар еру және жаңбыр салдарынан төтенше жағдай болған аумақтарға Маңғыстау ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінен 14 қызметкер көмекке барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шетпелік төтеншеліктер қазір Ақтөбе өңірі Шұбарқұдық ауылында жүр. Ондағы көше бойындағы су ағысының үйлерге тарамауына бөгет жасап жатыр. Сонымен бірге жаңбыр салдарынан құлау қаупі бар үйлердің тұрғындарына тұрмыстық қажетті дүниелер жеткізіп, қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», дейді №8 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Тұрлыбек Боранбаев.