Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана уақытымен сағат 20.00-дегі мәліметіне сәйкес, қаза тапқан 45 кеншінің денесі табылды, қалған бір кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Іздеу жұмыстары ара-қашықтығы 6км құрайтын екі тау-кен учаскесінде жүргізілуде.