Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 43-ке жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Апатты жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіріп жатыр.
Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылды. Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Айта кетейік, 3 кеншіні іздеу әлі де жалғасып жатыр.