ҚазМұнайГаз стратегия негізінде 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Стратегияда Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі жобалар қарастырылмаған.
2023 жылы үш жаңа кен орынжы пайдалану басталды: Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау, Рожковское.
Алдағы үш-төрт жылда ҚМГ Орталық Өріктау кен орнында жылына шамамен 1 млрд текше метр газ өндіруді бастауды жоспарлап отыр.
2027 жылы ҚазМұнайГаз Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруге ниетті, онда жылына 1,1 млрд текше метр көлемінде газ өндірілуі мүмкін.
Халықаралық компаниялармен бірлесіп, тұтастай алғанда 12 перспективалы геологиялық барлау жобалары, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау жобалары пысықталып жатыр.