Қазақстанда келуші туристер қатары күрт өсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты LS-ке сілтеме жасап.
Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 515,8 мың қонақүй, коттедж, шале және хостелдерде шет елдерден келген қонақтарға қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге көп.
Қазақстанға жеке мақсатпен 249,2 мың адам келсе, кәсіпкерлік мақсатта келушілер – 266,6 мың адам. Бұл мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Осы кезеңде орналасқан туристердің басым бөлігі – ресейліктер, 233,5 мың адам (+1,8 есе).
Ал Үндістаннан келетін туристер саны алты есеге өсті. Қонақ үйлер осы бірінші жарты жылдықта осы елден келген 21,6 мың адамға қызмет көрсеткен. Ал салыстырмалы түрде қарасақ, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында олардың саны 3,6 мың адам болған.
Қытайдан келушілер саны 43,4%-ға – 38,9 мың адамға өссе, Америкалық туристер саны – 1,7 есеге (6,4 мың адам) артқан. Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Өзбекстаннан келгендер – 1,7 есеге (16,4 мың адам), Ұлыбритания туристері – 1,5 есеге (10,5 мың адам) және Оңтүстік Кореядан келгендер – 3 есеге (9,8 мың адам) артық.