Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша, қазақстандықтар келесі айда үш күн қатарынан, яғни - 7, 8, 9 мамыр күндері демалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Демалыс күні 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын», - делінген бұйрықта.
Бұл жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында жасалғаны атап өтілді.
Енді бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар 1 мамыр – сәрсенбі, 5 мамыр – жексенбі, одан кейін 7, 8 және 9 мамыр – сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі және 11-12 мамыр – сенбі-жексенбі күндері демалады. 2 мамырдан 4 мамырға дейін, яғни бейсенбіден сенбіге дейін, 6 мамыр - дүйсенбі және 10 мамыр - жұма күндері жұмыс істеуге тура келеді.