Құжат күзде EgovMobile-де цифрланады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты цифрлық форматқа ауыстыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталады.
Бүгінгі күні сервис әзірленіп, техникалық жұмыстар жүргізілуде. Интеграциялық жұмыс аяқталғаннан кейін сервистің пилоттық нұсқасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде EgovMobile сайтында жарияланады. Жоба жоспарына сәйкес құжаттың цифрлық нұсқасы тексеруші органдардың деректер базасында сақталады және оның бар-жоғын нақты уақыт режимінде тексеруге болады.