Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтар үшін әзірленген «Бақытты қазақ отбасы» интерактивті оқу құралы туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр елімізде қазақстандықтардың саналы түрде отбасы құруын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Аида Балаева хабарлағандай, Астана және Шымкент қалаларында БҰҰ-ның халықты орналастыру қорымен бірлесіп неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау және отбасы психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасы бюджетін жоспарлау және басқа да маңызды туралы тегін кеңес беру мен оқыту бойынша пилоттық жобалар іске қосылды. Жоба сәтті жүзеге асса – Қазақстанның басқа аймақтарында да жүзеге асырылатын болады.
Профилактикалық шаралардың тағв біреуі – некеге тұруға өтініш берер алдында міндетті түрде бақытты отбасы туралы бейнероликті көру.
«Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы әзірленді. Ол некеге тұратын жұптардың отбасылық оң дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған, «Электрондық үкімет» жүйесінде тақырыптық бейнеролик түрінде орналастырылады және некеге тұруға онлайн өтініш білдірген азаматтар үшін міндетті нұсқаға айналады», - деді Балаева.