
© Halyq-uni.kz
Қайрат Боранбаевтың Астанадағы төрт жұлдызды қонақ үйі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше 6 жылға сотталған олигарх мүлікті өз еркімен берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Информбюроға сілтеме жасап.
«Comfort Hotel Astana»-ның құны 1,4 миллиард теңгеден асады. Аумағы 5 мың шаршы метр болатын қонақ үйдің жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуықтайды. Нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланған.
Жалпы бұл Боранбаевтың соттан кейін мемлекетке тапсырған алғашқы мүлкі емес. Осыған дейін темір торда жатқан белгілі кәсіпкер Әл-Фараби даңғылындағы үй мен кеңсесі және 686 миллион теңгенің жер учаскесін берген. Сондай-ақ, оның банк шоттарындағы 1 миллиард теңгеден астам қаражаты тәркіленген болатын.