Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 17 облыстың мәслихатымен 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың, оның ішінде үш қала мен 42 ауданның тізімі бекітілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Мәслихаттардың шешімімен аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы қарашаның бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді», - деді Нұрлан Әбдіров.
Қандай аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланбақ?
1. Абай облысында Курчатов қаласы, Абай ауданы
2. Ақмола облысында Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары.
3. Ақтөбе облысында Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары.
4. Алматы облысында Балқаш, Жамбыл аудандары.
5. Атырау облысында Исатай, Қызылқоға аудандары.
6. Шығыс Қазақстан облысында Алтай, Глубокое аудандары.
7. Жамбыл облысында Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандары.
8. Жетісу облысында Кербұлақ, Сарқан аудандары.
9. Батыс Қазақстан облысында Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары.
10. Қарағанды облысында Приозерск қаласы, Ақтоғай, Осакаров аудандары.
11. Қостанай облысында Рудный қаласы, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары.
12. Қызылорда облысында Сырдария, Шиелі аудандары.
13. Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы
14. Павлодар облысында Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары.
15. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары.
16. Түркістан облысында Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары.
17. Ұлытау облысында Ұлытау ауданы
Аудан әкімдерін сайлау процедуралары бүгіннен басталады.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.
Яғни, аудан әкімдерін сайлауға қатысты пилоттық бүгінгі 15 қыркүйектен басталады.
Ертеңнен бастап үміткерлер өздерін ұсынып, 5 қазанға дейін тіркеле алады. Одан ары үміткерлер 4 қарашаға дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге құқылы. Ал 5 қараша - сайлау!