
Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын әзірлеп, үкіметтің қорытындысын күтуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп жоқ жерлерде көпқабатты үй салуға тыйым салу мәселесін көтерді. Ол шенеуніктер тиісті рұқсаттарды бергенде әлеуметтік инфрақұрылымды ескермейді деп есептейді. Бұл үш ауысымда оқитын мектептердің азаймауына септігін тигізді.
«Адамдар қоныстанып, құрылысы қарқынды жүріп жатқан елді мекендерде балалар үш ауысымда оқиды.Бірақ мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат бергенде әкімдіктің осы мәселерді қарастырмағанына балалар кінәлі емес», - деді Аймағамбетов.
Бұл ретте ол оқу орындарын шексіз салуға болатынын, алайда мәселе кей аудандарда тіпті «мектеп салатын жердің де жоқтығында» екенін атап өтті.