Қазіргі кезде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» АҚ-мен бірлесе сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған.
- «KazSat-3» ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда спутниктік хабар тарату қалпына келтірілді. Ал өзге байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы бұл төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.