Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алу құқығынсыз жалға алынған тұрғын үйлерді сатып ала алады. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерге қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Үкімет тиісті заң жобасы бойынша оң қорытынды шығарды.
- Үкімет "сатып алу құқығынсыз" деген ұғымды жойып, тұрғындарға жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік берді. Бірақ жекешелендірудің өзіндік шарттары бар. Қалдық құны бойынша және нарықтық құн бойынша сату нұсқалары қарастырылды. Әлбетте ол нарықтық баға бойынша болмайды. Қалдық құны бойынша болады. Қазір жекешелендіру түрлері қарастырылуда. Заң қабылданбайынша мен нақты түсініктеме бере алмаймын, бірақ жекешелендіру болады, – деді Астана қалалық тұрғын үй басқармасы және тұрғын үй инспекциясының басшысы Әнуар Саипов.