Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың баяндады. Оның айтуынша, бірінші кезекте букмекерлік кеңселерді, лотереяларды және онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салу және құмар ойындарға қатысудың рұқсат етілген жасын 25 жасқа дейін арттыру қарастырылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ойынға тәуелділікпен күресу үшін бірқатар жаңа шараларды қабылдау жоспарлануда.
Борышкерлердің, алимент төлемегендердің және банктік несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұлғалардың бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалардың ойынға қатысуына тыйым салу қарастырылған.
«Ажырасулардың 40 пайызы осы себептен болатынын көріп отырмыз. Қазір отбасылардағы ажырасу себептерінің ішінде құмар ойындарға тәуелділік маскүнемдіктен кейінгі екінші орынға шыққан. Бұл үлкен мәселеге айналды», - деді Смайылов Мәжілісте өткен брифингте.
Қазіргі таңда тиісті заңнамалық түзетулер парламентте қаралып жатыр.