ДДҰ көрсеткіштеріне негізделген зерттеушілер мәліметті бойынша, Қазақстан тұрғындары күн сайын 3377 калория тұтынады. Еліміз әлемнің185 мемлекеті арасындағы рейтингте 36-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Бахрейн тұрғындары әлемдегі ең жоғары калориялы тағам тұтынатын елдер көшін бастады. Онда адамдар тәулігіне 4012 калория тұтынатын көрінеді. Екінші орынға АҚШ жайғасқан. Құрама штат тұрғындары күніне 3868 калорияны қажет етеді. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Ирландия (3850), Бельгия (3824) және Түркия (3762) енген..
Қазақстан бұл тізімде 36-орынға тұрақтады. Ел тұрғындары күн сайын 3377 калория жейді. Бұл әлем бойынша орташа көрсеткішке баланады.