Ұлттық банк басшысының қолы банкноттарға қайтарылмақ деп хабарлайды mаngystaumdia.kz сайты Atameken Business сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекеттің орталық банкіне шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру, сондай-ақ жалған банкноттарды жасап шығарудан сақтану функциясын күшейту мақсатында инновациялар енгізілуде. Бұл тәжірибе Еуропалық Одақ, сондай-ақ Англия, АҚШ және Сингапур сияқты бірқатар елдерде, қолданысқа ие. Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен шығыстарды болдырмайды», - делінген нормативтік акт жобасындағы түсініктемеде.