2023 жылы «Ақ бидай – Терминал» АҚ астық терминалы арқылы ауыстырып тиеу көлемі шамамен 126 мың тонна астықты құраған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Иран Ислам Республикасына мынадай тауарлар жөнелтілген:
бидай – 15 779 тонна;
арпа – 106 714 тонна;
жүгері – 3348 тонна.
2024 жылдың басынан терминал қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Қазір мұнда жүк жөнелтушілерден астық қабылдануда. 2024 жылдың қаңтарында астықты ауыстырып тиеудің келісілген көлемі 18 800 тоннаны құрайды. 2024 жылға астық терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеу жоспары 400 мың тоннаны құрап отыр.