© 24.kz
Жайық өзені арқылы келетін қызыл суды Каспий теңізіне бағыттау үшін қосымша 14,5 шақырым канал қазылып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, бұл Атырау қаласынан өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар республика аумағындағы бірнеше көлге су жіберіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану көзделген.
Қазір Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Көшім суару жүйесінен Қамыс, Самар көлдеріне су жіберіле бастаған. Ал бұл көлдерге соңғы жиырма жылда су бармаған.