ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесі мына айтулы күндермен толықтырылды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Осылайша қазір елімізде барлығы 63 кәсіби мереке тойланбақ.