Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында қомақты қаражат ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурорлар «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтаған.
– Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады, – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.