Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 66 жаңа КВИ жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бір күн бұрын ауруға шалдыққандар саны 46 адам болған еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 608+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 науқастың жағдайы ауыр,
• 5 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр