Бүгін еліміз бойынша жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталған еді. Алайда желі қолданушылары өтінімдерді қабылдау үрдісі 5-10 минутқа ғана созылғандығын айтып, шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
autonesie.kz арнайы платформасында өтініш берушілерге несиеге өтінім рәсімдеу үрдісінің аяқталғандығы жөнінде хабарлама келді.
"Өтінім қабылданбады. Автоөндірушіде қаржыландырудың еркін лимиті болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінімдерді қабылдауды күтіңіз", - делінген жеңілдетілген автонесиелеу платформасының сайтындағы хабарламада .
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ мәлімдеуінше, autonesie.kz арнайы платформасына алғашқы минуттарда-ақ 125 мың адам кірген. 18 секунд ішінде 761 қазақстандық өз өтінімін тіркеп үлгерген.
Айта кетейік, алдағы уақытта платформада өтініштер ай сайын қабылданып, 100-ден аса үміткерді тіркеуге мүмкіндік береді.