TasteAtlas сервисінің мамандары 395 мыңнан астам тағам құны мен 115 мыңнан астам азық-түлік бағасы негізінде ең жоғары және орташа баға деңгейіндегі асүйлерді анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Үздік ондыққа Италия, Жапония, Грекия, Португалия, Қытай, Индонезия, Мексика, Франция, Испания және Перу елдері кірді.
Қазақстан бұл рейтингте 90-шы орында тұр. Ең танымал тағамдарға шұжық, ет, бауырсақ, қазы, кеспе және т.б. тағам түрлері енген. Сервис сонымен қатар әйгілі ұлттық азық-түлік өнімдері құрт пен сары май дәмін татуға кеңес беріп отыр.
Орталық Азиядан Өзбекстан бұл тізімде 76-орында болса, Қырғызстан 92-ші сатыға тұрақтаған. Ал көршілес Ресей ұлттық тағамдар бойынша 41-ші орынға ие болды. Бұл қатарда түрік тағамдары рейтинг бойынша 15-ші сатыға жайғасты.