Биыл қаңтар-қараша айларында ҚР сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде "Алаяқтық" бабы бойынша 40,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6% - ға көп, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстың жартысына жуығы интернет-алаяқтық: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім 5,8% құрады. ЕҚДБ-да төлем карталарын пайдаланып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т. б. алаяқтық тіркелді.
Жыл басынан бері 6 мың адам алаяқтың құрбаны болған.Оның ішінде 5 мың адам жұмыссыз, 207-сі жұмысшы, 170-і мемлекеттік қызметші, 70-і жеке кәсіпкер, 77-сі оқушы, 19-ы әскери қызметші.
2023 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша алаяқтық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалдың белгіленген сомасы 96,5 млрд теңгені құрады.