Қазақстан Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің суасты минасын тазарту, бағдарлау және іздеу, сүңгуір-техникалық жұмыстары бойынша оқыту сабақтары Қапшағай су қоймасының жағалау учаскесінде 20030 әскери бөлімінің аумағында өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарлама су астындағы кесу және дәнекерлеу, су астындағы детонациялық операциялар мен су астындағы нысанды іздеу тауып, минадан тазарту бойынша практикалық әрекеттер мен теориялық сабақтарды қамтиды. Сонымен қатар, бағдарлама көтергіш арқылы батып кеткен заттарды көтеруді қарастырады. Барлық сабақтар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.
- Біздің ұжым тату әрі кәсіби тұрғыдан мығым даярлыққа ие. Басты артықшылығы - барлық әскери қызметшілер өзіне жүктелген міндет маңызын бір кісідей түсінеді, қажетті нәтижеге жету үшін іс-қимылдар үйлесімін қадағалайды. Біздің қызметіміз аса қызық, бірақ сонымен бірге өте қауіпті. Барлық жеке құраммен сабақтарда жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптар зерделенеді. Әр шешім өз күші мен іс-әрекетін дәл есептеуді, керемет физикалық дайындықты, сенімділікті, айналасындағыларға және алға қойған мақсатқа адалдықты талап етеді. Әскери бауырластық, жіті жауынгерлік дайындық өз мүмкіндігімізге сенімді күшейтеді. Онсыз ештеңе мүмкін емес, - дейді 29011 әскери бөлімінің рота командирі капитан-лейтенант Жәнібек Сәлікбаев.
Мұндай іс-шараларды өткізу ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелеріне су астындағы миналарды тазарту, бағдарлау және іздеу, сүңгуір-техникалық жұмыс бойынша жауынгерлік машықтан мол тәжірибе алуға, оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыларды сіңіруге мүмкіндік береді. Ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін ондаған жылдар бойы өз аумақтарын минадан тазартатын басқа елдердің тәжірибесі күнделікті практикалық жұмыста белсенді зерделеніп, енгізілуде.