26 қараша күні түнде Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшақ қатты желдің салдарынан қона алмай, Атырауға тоқтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал Ақтау халықаралық әуежайы түнде қалың тұман болып, кейбір ұшақтардың қона алмағанын айтып отыр. Ал қазір ешқандай кедергі жоқ дейді әуежай басшылығы.
«Атыраудан 15:30-да ұшу жоспарланып отыр. Авиакомпания рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдады. Алайда, кейбір жағдайлар біздің бақылауымызда емес. Бұл жағдайда рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінен болған жоқ», - делінген хабарламада.
Авиакомпания мәліметіне сүйенсек жолаушылар тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етілген.