Ақтаудағы кейбір тұрғын үйлерде жылудың жоқтығына байланысты «Каспий жылу, су арнасы» МКК және Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы себебін түсіндіріп, мұндай жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислам Үсеновтің айтуынша, Ақтау қаласындағы барлық тұрғын үйге жылу берілді. Бірақ қазіргі кезде уақытша жөндеу жұмыстарының салдарынан жылу берілмей жатқан пәтерлер бар. Сонымен қатар, тексеру барысында пәтер тұрғындарының өтініштері бойынша кейбір қала тұрғындарының радиаторларының жабылғаны анықталды. Бұл жылу беруге кедергі келтіреді.
-Егер пәтеріңізге әлі жылу берілмесе бірінші кезекте «ПИК» немесе «Мүлік иелерінің бірлестігіне» хабарласуыңызды сұраймыз. Айтып өткенімдей, жылу әртүрлі себептен қосылмауы мүмкін. Мысалы, бүгінгі тексеру барысында кейбір пәтерлерде вентильдің жабық тұрғаны анықталды, - деді Ислам Үсенов.
Ал Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Кучербаев қала тұрғындарын көршілерімен және қызмет көрсететін мекемелер яғни, «МИБ» немесе «ПИК-пен» тығыз байланыста болуға шақырды.
-Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Біз сіздердің жылу беру мәселесіне қатысты шағымдарыныңызды көріп отырмыз. Сол бойынша «КЖСА» мекемесі мен тұрғын үй инспекциясы және үйге қызмет көрсетуші мекеме бірлесіп шара қабылдауда. Айта кететін жайт, тексеру барысында кейбір пәтерлердің жылу қондырғысының вентельдері жабық екені анықталды. Кей жағдайда көршісінің вентелінің жабық болуына байланысты бүкіл жылу жүйесінде жылу болмауда. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз жылу болмаған жағдайда көршілеріңізден де мәселені сұрау керек. Сонда мәселе де жедел шешімін табады, деді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Кучербаев.
Ал қызмет көрсету ұйымдары бірінің директоры Замзагуль Ихсан радиаторлардың жылуды өткізуі үшін не істеу керектігін түсіндірді.
Айта кетейік, егер тұрғындар қызмет көрсететін ұйымдармен байланыса алмаса, 109 нөмірі бойынша хабарласа алады. Бұл - коммуналдық мәселелер бойынша өтінім қалдыруға болатын және тәулік бойы қызмет көрсететін бірыңғай байланыс орталығы.
Сондай-ақ, инженерлік желілердегі мәселелер немесе құдықтардың қақпағының ашық жатуы бойынша шағымдарыңыз болса, «Каспий жылу, су арнасы» мекемесіне мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыздар:
60-53-16, 60-53-22, 60-53-18.